Madenov Legal GroupЗаң компаниясы РУС +7 771 763 95 28

Банк шотына тыйым салынды: не істеу керек

Карта бұғатталды, ал банк қосымшасында «тыйым» деп жазылған ба? Абыржымаңыз: көп жағдайда тыйымды алуға немесе ұстап қалуды азайтуға болады.

1-қадам. Негізін біліңіз

Тыйымды атқарушылық құжат — сот шешімі немесе нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде жеке сот орындаушысы (ЖСО) салады. eGov-тағы борышкерлер тізілімінен өзіңізді тексеріңіз: онда іс жүргізуді кім жүргізіп жатқаны және қандай құжат бойынша екені көрінеді.

2-қадам. Жазбаның заңдылығын тексеріңіз

Негізі атқарушылық жазба болса, оны көбіне нотариусқа қарсылық беру арқылы жоюға болады. Бұған мерзім қысқа, сондықтан бірден әрекет ету керек.

3-қадам. Әлеуметтік төлемдерді қорғаңыз

Кейбір төлемдерге, мысалы, жәрдемақыға өндіріп алу қолданылмайды. Мұндай шоттан ақша алынбауы үшін бұл туралы сот орындаушысы мен банкке хабарлаңыз.

4-қадам. Қарыз мәселесін шешіңіз

Тыйым — салдар ғана. Ол қайталанбауы үшін қарыздың өзін шешу керек: қайта құрылымдау, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе банкроттық.

Өтінім қалдырыңыз

Жұмыс уақытында қоңырау шалып, сұрақтарыңызға жауап береміз және кеңеске жазамыз.

Немесе бірден жазыңыз: